Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Цифрлық ортада өз бетінше шешім қабылдау дағдысы балаға өмір бойы қажет

Дата публикации: 22-09-2026 11:30:00

Мен бұл бастаманы қажетті қорғаныс шараларының бірі деп санаймын. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Мен бұл бастаманы қажетті қорғаныс шараларының бірі деп санаймын. 

Бірақ заңмен жас шегін белгілеу мәселені өздігінен шешпейді. Ең маңыздысы – оның қалай орындалатыны: баланың жасы қалай расталады, талапты орындауға кім жауап береді, платформаларға қандай міндет жүктеледі? Білім саласы тұрғысынан мақсат баланы әлеуметтік желіден жай ғана шектеу емес, оны цифрлық ортада қауіпсіз әрі саналы әрекет етуге дайындау болуы керек. Өйткені кез келген жас шектеуінің мерзімі аяқталады, ал цифрлық ортада өз бетінше шешім қабылдау дағдысы балаға өмір бойы қажет. Сондықтан заңнамалық шектеу цифрлық және медиасауаттылықпен, ата-ананың қатысуымен және платформалардың жауапкершілігімен қатар жүруі тиіс.

Шектеу әлеуметтік желіде өткізетін уақытты азайтуы мүмкін, бірақ мәселе тек уақыт көлемінде емес. Қысқа видеолар, шексіз лента, тұрақты хабарламалар баланың назарын үнемі бөліп отырады. Ал кітап оқу, сабаққа дайындалу немесе күрделі тапсырманы орындау, керісінше, ұзақ уақыт зейін қоюды талап етеді. Сондықтан аккаунтты шектеумен қатар баланың жалпы цифрлық әдетін қалыптастыру маңызды: экран уақытын реттеу, түнгі пайдалануды шектеу, қажетсіз хабарламаларды азайту, телефонсыз өтетін уақыттың болуы. Түпкі мақсат – баланы әлеуметтік желіден уақытша алыстату ғана емес, өз уақыты мен назарын басқаруға үйрету.

Мен мектеп пен ата-ананың жауапкершілігін бір-бірінен қатаң бөліп қарамас едім. Цифрлық және медиасауаттылық мектепте жүйелі түрде оқытылуы керек, бірақ оның күнделікті дағдыға айналуы отбасында жалғасады. Мектеп балаға ақпаратты сыни бағалауды, киберқауіптерді тануды, жеке деректерін қорғауды, цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет етуді үйретеді. Ал ата-ана осы дағдыларды күнделікті өмірде бекітеді: отбасындағы экран уақытын реттейді, баламен көрген контентін талқылайды, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді және ең бастысы, өзі де цифрлық мінез-құлықтың үлгісін көрсетеді. Сонымен бірге бүкіл жауапкершілікті мектеп пен отбасыға артып қоюға болмайды. Мемлекет ережені белгілейді, платформалар баланың жасына сай қауіпсіз орта қалыптастырады, ал мектеп пен ата-ана бірлесіп оның цифрлық және медиасауаттылығын дамытады. Меніңше, тұрақты нәтиже осы төрт тараптың жауапкершілігі қатар жұмыс істегенде ғана болады.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Мен жасанды интеллектіден қорықпаймын01021-09-2026
2Қазақстанда балалардың медициналық тексеруі туралы ата-аналарға SMS жіберіледі014.9314-10-2026
3Жастар біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктеп жүр 01023-09-2026
4Сауда нарықтарын цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді01013-10-2026
5Лайфхак родителям от Дайырбека Орунбекова. Водить детей в школу пешком 07.2818-09-2026
6Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды019.0914-10-2026
7Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті028.7514-10-2026
8Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханының ережелері өзгереді05.6213-10-2026
9детские проблемы0004-07-2026
10Курские власти запретили родителям присутствовать на детских утренниках0023-12-2021

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.