Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Биыл алты айда Қазақстанда мектеп жасындағы балалардан 80 169 тіс жегісі жағдайы анықталды. Ал 2027 жылдан бастап ата-аналарға балаларының жоспарлы медициналық тексеруі туралы SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрліктің дерегінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде 302 мың баладан түрлі ауру анықталып, 119 мыңнан астамы динамикалық бақылауға алынған.
Тіс жегісінен бөлек, балалар арасында қаназдық пен көру қабілетінің бұзылуы да жиі кездеседі.
Стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін "Болашаққа сау тіспен" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы екі жылда жоба аясында 166 профилактикалық кабинет ашылған. Онда оқушыларға ауыз қуысының күтімі үйретіліп, тіс ауруларының алдын алуға басымдық беріледі.
2025 жылдан бастап мектептерде балалардың рационындағы қант пен тұз мөлшерін азайтуға бағытталған жаңа тамақтану стандарты енгізілді.
Министрлік профилактикалық тексерулер жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын да енгізіп жатыр. Ал 2027 жылдан бастап жіберілетін SMS-хабарламалар ата-аналарға медициналық тексеру мерзімін алдын ала ескертіп, балаларын дәрігерге уақтылы апаруға мүмкіндік береді.
Мамандар тіс жегісінің алдын алу үшін тәтті сусындар мен қант мөлшері жоғары тағамдарды тұтынуды шектеп, ауыз қуысының гигиенасын сақтауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 2 | Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті | 0 | 28.75 | 14-10-2026 |
| 3 | Информацию о продаже данных казахстанцев в даркнете прокомментировало министерство ИИ | 0 | 6.64 | 12-08-2026 |
| 4 | Қазақстан мен Палестина ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 5 | Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады | 0 | 15 | 12-10-2026 |
| 6 | Цифрлық ортада өз бетінше шешім қабылдау дағдысы балаға өмір бойы қажет | 0 | 10 | 22-09-2026 |
| 7 | Главный санврач и вице-министр здравоохранения Казахстана привились вакциной "Спутник V" | 0 | 0 | 01-02-2021 |
| 8 | Қазақстандық дәрігерлер Кабул қаласында ондаған күрделі ота жасады | 0 | 5 | 26-06-2026 |
| 9 | В Казахстане запретят продажу табачных изделий лицам младше 21 года | 0 | 0 | 17-06-2020 |
| 10 | В Казахстане восстановили доступ к LinkedIn | 0 | 0 | 29-07-2021 |