Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түсті.
Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түсті.
Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. Мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алуды жеңіл әрі жылдам ету. Артық рәсімдер алынып тасталды. Көлікті қайта жабдықтағаннан кейін оны бөлек қаратудың қажеті жоқ. Енгізілген өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын құжат болса жеткілікті. Емтиханды бірінші рет тапсыра алмасаңыз, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмасаңыз, сол емтиханды кейін қайта тапсыру ақылы болады", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранова.
Бұл шара емтиханға қосымша дайындалу үшін енгізіліп отыр. Сонымен қатар теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмаған жағдайда, теориядан алған нәтиже сақталады.
"Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстан куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтиханды тапсыру қажет. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган куәлікті берген елге ресми сұрау жібереді. Ол елдің құзыретті органы куәліктің түпнұсқа екенін растағаннан кейін ғана куәлік ауыстырылады. Бұл жалған құжаттардан қорғау шаралары. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!", – деп атап өтті Ақтоты Боранова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Исламдық терезелер ойын ережесін өзгертуде: Қазақстан нарығына тағы не қажет | 0 | 9.11 | 09-10-2026 |
| 2 | Қазақстан жылқы етіне арналған әлемдегі алғашқы стандартты әзірлеуді ұсынды | 0 | 8.92 | 20-08-2026 |
| 3 | Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді | 0 | 10 | 19-08-2026 |
| 4 | Новые правила получения ВНЖ Казахстана 2026: язык, баллы и финансовый порог | 0 | 10.41 | 15-04-2026 |
| 5 | В Казахстане вступают в силу ужесточенные миграционные нормы | 0 | 0 | 26-01-2023 |
| 6 | В Казахстане вступили в силу лимиты для снятия наличных со счетов юридических лиц | 0 | 0 | 01-06-2020 |
| 7 | Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 8 | Жылжымайтын мүлік бағасы 20 пайызға қымбаттауы әбден мүмкін | 0 | 17.69 | 10-09-2026 |
| 9 | Казахстанцев обяжут оплачивать содержание питомцев при передаче их в приюты | 0 | 6.24 | 14-08-2026 |
| 10 | Казахстан разрешил въезд в страну россиянам, работающим на Байконуре | 0 | 0 | 28-03-2020 |