Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қорғаныс министрлігіндегі бюджет тиімділігін 61 аудитор тексеріп жатыр – Тәкиев

Дата публикации: 13-10-2026 12:17:00

50 әскери бөлімде тексеріс жүргізіліп жатыр.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

50 әскери бөлімде тексеріс жүргізіліп жатыр.  

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатына жүргізіліп жатқан тексеріс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бюджетті іске қосқан кезде оны жоспарлаймыз, онда не сатып алу керек екені, қандай бағдарламалар бар екені көрсетіледі. Сол бағдарламаға қарап қаражатты жоспарлаймыз. Оның екінші жағы бар. Қаржының тиімді жұмсалғанын тексереміз. Өздеріңіз білесіздер, Қаржы министрлігінде ішкі аудит комитеті бар. 2023 жылы тексеріс болды, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бөлек бөлімдерде тексерістер болды. Ол жақта да бірталай бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы есеп бергенбіз", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Мәди Тәкиев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрамына Қаржы министрлігі де кіргенін атап өтті.

"Біз 61 аудиторды тексеруге бөлдік. Бүгінгі таңда 50 әскери бөлімде тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қандай болатынын көреміз. Әлі уақытымыз бар. Оның нәтижесі бойынша сіздерге қосымша хабарлаймыз", – деп атап өтті Мәди Тәкиев.

Оның айтуынша, аудит қандай да бір құқықбұзушылықтар анықтаған жағдайда, мәлімет құзыретті органдарға жіберіледі.

"Егер анықтаса, мәлімет құзыретті органдарға жіберіледі. Мысалы, 2026 жылдың 9 айының тексерісі бойынша біз 5,4 трлн теңгеге құқықбұзушылықтар анықтадық. Толық материалдарды Қаржылық мониторинг агенттігіне бердік", – деп жауап берді Қаржы министрі.

Айта кету керек, бұған дейін Қорғаныс министрлігінің жұмысына ауқымды тексеріс жүргізілетінін жазғанбыз.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Биыл тоғыз айда бюджетке 19,3 трлн теңге салық түсті014.3913-10-2026
2Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады08.6214-10-2026
3Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма 011.0414-10-2026
4 Comment on Астанада тегін қазақ тілі курсына тіркелу басталады by Шаридияр 010.3215-06-2026
5Құрылтайда 3 жылдық бюджет жобасы қаралды02014-10-2026
6Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс – Бектенов01014-10-2026
7Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды021.1114-10-2026
8Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
9Президент принял председателя Высшей аудиторской палаты0707-07-2026
10Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 21.16. Источник: inbusiness.kz.