Болжамның үш нұсқасы қарастырылды.
Болжамның үш нұсқасы қарастырылды.
Құрылтай отырысында "2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.
"Болжам экономиканың ағымдағы жағдайы, халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуіне қатысты күтулері және сыртқы нарықтардағы конъюнктура ескеріле отырып қалыптастырылды. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес 2026 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3 пайызды, 2027 жылы – 3,4 пайызды құрайды. Жалпы болжамның жақсарғанына қарамастан, Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінде жалпы ішкі өнім өсімінің баяулауы болжанады. Халықаралық ұйымдар мен жаһандық инвестициялық банктер 2027 жылға арналған мұнай бағасы бойынша болжамдарын төмендетті. Консенсус-болжам барреліне 70,3 долларға дейін төмендетілді", – деді вице-премьер.
Серік Жұманғариннің сөзінше, сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты болжамның үш нұсқасы қарастырылды. Оптимистік нұсқа бойынша мұнайдың болжамды бағасы барреліне 85 доллар болды.
"Экономиканың орташа жылдық өсімі 5,9 пайыз деңгейінде болжанады. Пессимистік нұсқада мұнай бағасы барреліне 50 доллар құрайды. Жалпы ішкі өнім өсімі орта есеппен 3,2 пайыз болады деп болжанады. Базалық нұсқада мұнай бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде алынды. Сыртқы сын-қатерлердің сақталуына қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда", – деді Ұлттық экономика министрі.
Базалық нұсқаға сәйкес 2027-2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсуі 5 пайыздан жоғары деңгейде болжанады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Салық реформасы үмітті ақтамай тұр | 0 | 10 | 13-10-2026 |
| 2 | Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады | 0 | 10 | 20-08-2026 |
| 3 | Биыл тоғыз айда бюджетке 19,3 трлн теңге салық түсті | 0 | 14.39 | 13-10-2026 |
| 4 | Қарағанды облысында заңбұзушылықтар анықталып, 3 млрд теңгеден астам сатып алу тоқтатылды | 0 | 5 | 26-06-2026 |
| 5 | Су үнемдеу технологияларын жасайтын отандық зауыттардың саны төрттен жетіге дейін өсті | 0 | 18.33 | 14-10-2026 |
| 6 | Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды | 0 | 21.11 | 14-10-2026 |
| 7 | Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры | 5 | 7 | 16-06-2026 |
| 8 | Kazakhstan allocates more than KZT617 billion in recovered assets to 500 regional infrastructure projects | 0 | 13.37 | 18-08-2026 |
| 9 | Жұмыс берушілердің назарына | 0 | 29.38 | 12-12-2018 |
| 10 | Kazakhstan allocates over 650 bn tenge to support farmers | 0 | 12.03 | 18-08-2026 |