Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Оның сөзінше, Қазақстанның төлем балансы көрсеткіштері жақсарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорттың озық қарқынмен өсуі нәтижесінде ағымдағы шотта $2,4 млрд профицит қалыптасқан. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде $3,6 млрд тапшылық тіркелген болатын.
Премьер-министр экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келетінін, бұл еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.
Олжас Бектенов осы орайда инфляциялық қысымды төмендету шараларына ерекше назар аударып отыр.
– Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейінде ұстап тұру, – деді ол.
Жалпы алғанда, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстанда жылдық инфляция баяулады | 0 | 10 | 13-10-2026 |
| 2 | Жылдық инфляция 10 ай қатарынан төмендеді - Сүлейменов | 0 | 15.56 | 13-08-2026 |
| 3 | Нацбанк Казахстана повысил базовую ставку до 10,25% годовых | 0 | 0 | 24-01-2022 |
| 4 | Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді – Мемлекет басшысы | 0 | 13.85 | 13-10-2026 |
| 5 | Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс – Бектенов | 0 | 10 | 14-10-2026 |
| 6 | Токаев заявил, что Казахстан столкнулся с неконтролируемым ростом инфляции | 0 | 0 | 01-09-2021 |
| 7 | Премьер Казахстана заявил о попытках дискредитировать казахстанские товары | 0 | 10.75 | 04-08-2026 |
| 8 | Орешкин заявил, что инфляция вернется к ориентиру в начале 2020 года | 0 | 0 | 14-02-2019 |
| 9 | Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров "Самрук-Қазына" | 0 | 8.64 | 27-08-2026 |
| 10 | Запуск инвестпроектов ускорят в Казахстане | 0 | 7.53 | 17-09-2026 |