Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді – Мемлекет басшысы

Дата публикации: 13-10-2026 15:15:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында Король Филипп пен Патшайым Матильдаға ілтипат білдірді.

Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар экономикамызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған.

“Елімізде агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, фармацевтика, озық технологиялар мен энергетика салаларында 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Олардың қатарында Jan De Nul, Sarens және Ahlers сияқты жетекші бельгиялық компаниялар бар. Екіжақты сауда көлемінің өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар сауда үдерістерін жеңілдету және тауар айналымы өсімін арттыру үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана халықтарымыздың қалауына қол жеткізетінімізге сенімдімін. Қазақстан Бельгияның Орталық Азия аймағындағы ірі сауда серіктесі саналады”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге Король Филипптің айрықша үлес қосқанына тоқталды.

“Сіз 16 жыл бұрын Қазақстанға сауда миссиясын бастап келдіңіз. Бұл қадам елдеріміздің іскер топтары арасындағы ұзақмерзімді ықпалдастыққа берік негіз қалады. Сіздің Бельгия бизнесіне көрсетіп келе жатқан қолдауыңыз серіктестігімізді ілгерілетуге зор ықпал етті. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға әлеуетіміз жеткілікті”, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1«Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды»: Қазақстан Президентінің Бельгия Короліне айтқаны012.2813-10-2026
2Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда орталығына айналды – Бельгия Королі09.4413-10-2026
3 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия жұбы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады011.6713-10-2026
4Еуропадағы ірі логистикалық орталықтың бірі ретінде Бельгияның бай тәжірибесінен үйренеріміз көп – Президент09.2513-10-2026
5Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады – Президент01013-10-2026
6Президент Казахстана поделился с Путиным впечатлениями от поездки в Брюссель0530-06-2026
7Токаев рассказал об инвестициях России в экономику Казахстана за 20 лет013.2425-07-2026
8Токаев отметил, что Россия стала крупнейшим инвестором в экономику Казахстана011.5525-07-2026
9Токаев заявил, что Россия выходит на первое место по инвестициям в Казахстан07.525-07-2026
10Токаев поручил активизировать привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана0025-06-2022

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 13.85. Источник: inbusiness.kz.