Елдегі жылқы саны 4,9 миллионға жеткен.
Елдегі жылқы саны 4,9 миллионға жеткен.
Қазақстанда мал мен құс саны артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2019–2026 жылдар аралығында ірі қара саны 10,8%-ға өсіп, 7,4 миллионнан 8,2 миллион басқа жетті. Қой мен ешкі саны 7,8%-ға артып, 19,2 миллионнан 20,7 миллион басқа дейін көбейді. Ал құс саны 9,1%-ға өсіп, 45 миллионнан 49,1 миллион басқа жетті.
Қазақстанда мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе жылқы өсіру саласында айтарлықтай өсім байқалады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері жылқы саны 2,9 миллионнан 4,6 миллионға дейін өсіп, 58,6%-ға артқан. Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына енді.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша, еліміздегі жылқы саны 4,9 миллион басқа жеткен. Сонымен қатар ірі қара саны 9 миллион, қой мен ешкі 23,3 миллион, құс 47,8 миллион, ал түйе саны 310,9 мың басты құрады.
Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 1,2 миллион тонна ет, 2,7 миллион тонна сүт өндіріліп, 3,2 миллиард дана жұмыртқа алынған.
– Мал шаруашылығын одан әрі дамыту мал басы өнімділігін арттыруды, селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жетілдіруді, жемшөп базасын нығайтуды және қайта өңдеу қуаттарын кеңейтуді көздейді. Тауарлы өнім көлемін ұлғайту, оның сапасын және ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін экономикалық тиімділігін арттыру басымдық болып қала береді, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Өткен 7 жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2,3 есеге өсті | 0 | 20.34 | 30-09-2026 |
| 2 | Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4 трлн теңгеге жетті | 0 | 27.38 | 14-10-2026 |
| 3 | Қажылыққа барамыз деген қазақстандықтар 60 млн теңгеден айырылды – сот үкімі шықты | 0 | 16.8 | 13-08-2026 |
| 4 | Токаев: Россия занимает первое место по числу туристов в Казахстане | 0 | 7.82 | 25-07-2026 |
| 5 | Более 2,3 млн казахстанцев прошли онкоскрининг за полгода - Минздрав | 0 | 14.13 | 12-08-2026 |
| 6 | Данные 15 млн казахстанцев выставили на продажу в даркнете | 0 | 12.67 | 12-08-2026 |
| 7 | «Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған»: Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды | 0 | 12.6 | 14-10-2026 |
| 8 | Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды | 0 | 18.14 | 14-08-2026 |
| 9 | В Казахстане число заразившихся коронавирусом за сутки впервые превысило 5 тыс. | 0 | 0 | 15-07-2021 |
| 10 | В Казахстане прогнозируют рост экономики в 2027 году на уровне 5,3% | 1 | 12.94 | 25-08-2026 |