Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

«Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған»: Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды

Дата публикации: 14-10-2026 05:48:00

Ісік әйелдің құрсақ қуысын түгелге жуық алып жатқан.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Ісік әйелдің құрсақ қуысын түгелге жуық алып жатқан.  

Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының дәрігерлері әйелдің кіші жамбас және құрсақ қуысынан көлемді өскінді алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның салмағы шамамен 3 келі болған. Күрделі операция кезінде мамандар пациенттің репродуктивті ағзаларын сақтап қалды.

Әйел бір жарым жыл бойы ішінің біртіндеп үлкейгенін байқаса да, оны салмақ қосумен байланыстырған. Кейін іші керіліп, ауырсыну, жайсыздық және ентігу пайда болған.

УДЗ, КТ және МРТ тексерулерінен кейін дәрігерлер құрсақ қуысын түгелге жуық алып жатқан өскінді анықтаған. Онкогинекологтардың тексеруінен соң хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданды.

Операция кезінде дәрігерлер 7 литрге жуық сұйықтықты шығарып, салмағы шамамен 3 келі болатын өскінді алып тастады. Бұған дейінгі операциялардан қалған жабысқақ тіндер хирургтердің жұмысын қиындатқан. Алынған өскін гистологиялық зерттеуге жіберілді.

Күрделі операция сәтті аяқталды. Дәрігерлер өскінді алып қана қоймай, әйелдің репродуктивті ағзаларын да сақтап қалды. Қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Ол стационарда ем қабылдап жатыр және жақын арада ауруханадан шығуға дайындалуда.

Мамандар іштің ұлғаюы, ауырлық сезімі, ауырсыну мен ентігу белгілерін елемеуге болмайтынын ескертеді. Мұндай белгілер әрдайым салмақ қосумен байланысты емес. Сондықтан олар байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, себебін анықтау маңызды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті028.7514-10-2026
2"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды01014-08-2026
3Алматы облысында алқабилер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелді ақтады09.611-08-2026
4Алматының үш ауданында жарық өшіп қалды015.6220-08-2026
5Алматыда автобус жас қызды қағып кетіп, мерт қылды 01012-08-2026
6Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды06.9416-08-2026
7Бүгін Алматыда жер сілкінді016.5312-08-2026
8Маңғыстауда ысталған балықтан уланған үш адам ауруханадан шықты08.7914-10-2026
9Алматы облысында бизнесқа кедергі келтіргендер жауапқа тартылды016.2515-08-2026
10Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 12.6. Источник: inbusiness.kz.