Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді.
Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді.
Қазақстанда шаруалардың су үнемдейтін жабдықтарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын жасайтын жеті отандық зауыт жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның үшеуі Түркістан облысында, екеуі Астана қаласында, бір-бірден Атырау облысы мен Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы елде бес зауыт жұмыс істесе, 2024 жылы олардың саны төрт болған.
Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді. Бұл шамамен 205 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Жедел мәліметтерге сәйкес, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы 82,5 мың гектар жерді суаруға арналған шамамен 1 010 жаңбырлатып суару машинасын сатып алған.
Сонымен қатар шетелдік инвестиция тарту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Қостанай облысында америкалық жаңбырлатып суару машиналарын жергілікті жерде өндіру жобасы іске қосылды. Осындай жоба Қарағанды облысында да жүзеге асырылып жатыр.
"Биыл жыл басынан бері су үнемдеу технологиялары қосымша 158 мың гектар суармалы жерге енгізілді. Нәтижесінде заманауи суару жүйелері қолданылатын алқаптардың жалпы көлемі шамамен 702,3 мың гектарға жетті. Сондай-ақ суару суын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, субсидияланатын су үнемдеу технологияларының тізбесіне лазерлік тегістегіш қосылды", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.
Еске салайық, Су ресурстары және ирригация министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарының өтелетін үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Ал мұндай жүйелерді пайдаланған жағдайда суару суына берілетін субсидия мөлшері 85%-ға дейін арттырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді | 0 | 10 | 19-08-2026 |
| 2 | Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды | 0 | 21.11 | 14-10-2026 |
| 3 | Құрылтайда 3 жылдық бюджет жобасы қаралды | 0 | 20 | 14-10-2026 |
| 4 | Водосберегающие технологии охватывают 36% орошаемых земель | 0 | 13.91 | 21-09-2026 |
| 5 | Больше ₸3 трлн направят на развитие водной отрасли | 0 | 5 | 08-07-2026 |
| 6 | Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда | 0 | 17.2 | 10-08-2026 |
| 7 | Қазақстан мұнай өндіруді 60 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр | 0 | 20.25 | 13-08-2026 |
| 8 | Россия намерена увеличить производительность опреснительного завода в Актау в два раза | 0 | 0 | 28-08-2020 |
| 9 | Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 10 | 2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады | 0 | 19.5 | 20-08-2026 |