Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Орал қаласында жалаңаш күйде газ құбырына шыққан ер адам қамауға алынды

Дата публикации: 14-10-2026 05:08:00

Медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.
 
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.    

Оралда тұрғын үйдің газ құбырына жалаңаш күйде шыққан ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қонаев көшесінің тұрғындары үй маңынан жалаңаш ер адамды байқап, полиция шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер оны бірінші және екінші қабаттың арасындағы газ құбырынан тапқан.

Құқық қорғау қызметкерлері одан төмен түсуді талап еткен. Алайда ер адам олардың талабына бағынбай, балағаттаған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адамның ағзасында каннабиноидтар мен опиоидтардың әсері анықталған.

Сотта ол кінәсін толық мойындағанымен, мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады. Ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны және есірткілік масаң күйде болғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот 20 тәулікке әкімшілік қамауға алумен қатар, ер адамның мінез-құлқына алты ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі. Осы уақыт ішінде оған алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті028.7514-10-2026
2Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды019.0914-10-2026
3Маңғыстауда ысталған балықтан уланған үш адам ауруханадан шықты08.7914-10-2026
4Мужчина и подросток умерли от отравления бытовым газом в Оренбурге0027-10-2020
5Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр05.4614-10-2026
6Житель Волгоградской области погиб от утечки в газовой колонке0014-01-2019
7После прорыва нефтепровода на месторождении под Оренбургом возбудили дело0014-01-2020
8В КЧР одна из пострадавших при взрыве газа умерла в больнице08.2603-08-2026
9Один человек пострадал в результате хлопка газа в многоэтажке в Самаре0009-07-2019
10Два человека отравились газом в частном доме в Казани0031-12-2018

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.98. Источник: inbusiness.kz.