Пенза облысындағы магистральдық газ құбырында болған апат Қазақстанға газ жеткізуге әсер еткен жоқ.
Пенза облысындағы магистральдық газ құбырында болған апат Қазақстанға газ жеткізуге әсер еткен жоқ.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, ресейлік газ Қазақстанға қолданыстағы келісімшарттар аясында және өтінімдерге сәйкес үздіксіз келіп тұр. Ел аумағы арқылы Өзбекстанға да газ транзиті жоспарланған көлемде жүзеге асырылып отыр.
Энергетика министрлігі Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ауытқу тіркелмегенін атап өтті. Диспетчерлік арналар арқылы "Газпромнан" жеткізу режимін өзгертуге қатысты сұраныс түскен жоқ.
13 қазанда Ресейдің Пенза облысы Белинский ауданындағы Волчково ауылында апат болды. Магистральдық газ құбырында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Ресей ТЖМ алдын ала мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Газпром трансгаз Саратов" мекемесі апатты учаскедегі өрттің өшірілгенін, ал тұтынушыларды қамтамасыз ету баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылғанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | В Казахстане сообщили о бесперебойных поставках газа после аварии в Пензенской области // Минэнерго Казахстана: ЧП на пензенском газопроводе не повлияло на поставки сырья | 0 | 5.63 | 13-10-2026 |
| 2 | В Казахстане раскрыли последствия взрыва на российском газопроводе | 0 | 5.92 | 13-10-2026 |
| 3 | Казахстан обсуждает возможность транзита российского газа в Узбекистан | 0 | 0 | 16-05-2023 |
| 4 | Министрлік Қазақстан мұнайы қайта бағытталып жатыр деген сыбысқа жауап берді | 0 | 12.94 | 19-08-2026 |
| 5 | Kazakhstan reroutes some oil exports over CPC disruption | 0 | 12.4 | 10-08-2026 |
| 6 | Путин: Россия рассматривает возможность поставлять больше газа в Казахстан | 0 | 0 | 12-11-2025 |
| 7 | Уровень газификации планируют довести до 80% в РК | 0 | 5 | 07-07-2026 |
| 8 | Бензин - под замок | 0 | 5 | 07-07-2026 |
| 9 | Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма | 0 | 11.04 | 14-10-2026 |
| 10 | Астана надеется на начало поставок российского газа в Казахстан в ближайшее время | 0 | 0 | 23-04-2025 |