Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды

Дата публикации: 15-10-2026 09:07:08

ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. "Таза Қазақстан" аясында Өскемен қаласында бейнебақылау жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарды ластау фактілері тіркелді. Құқық бұзушылар жерге шекілдеуік қабығы мен темекі тұқылдарын тастаған. Әл-Фараби даңғылында 42 жастағы әйел шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған. 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде қатарынан үш құқық бұзушылық […]

Основное содержимое страницы с новостью.

ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды

15 Қазан 2026 ж., 14:07 жарияланған 2

ШҚО-да камералардың көмегімен қоғамдық орындарды ластаған азаматтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" аясында Өскемен қаласында бейнебақылау жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарды ластау фактілері тіркелді. Құқық бұзушылар жерге шекілдеуік қабығы мен темекі тұқылдарын тастаған.

Әл-Фараби даңғылында 42 жастағы әйел шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде қатарынан үш құқық бұзушылық тіркелген. 38 жастағы ер адам мен 18 жасар қыздар темекі шеккеннен кейін тұқылдарын жерге тастаған.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде де осындай фактілер тіркелді. 19 және 35 жастағы азаматтар темекі тұқылдарын қоршау құбырының ішіне тастап, қоғамдық аумақты ластаған.

Барлық факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу және оларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Қала тазалығын сақтау — әрбір тұрғынның жауапкершілігі.

"Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
2Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген019.5715-10-2026
3Қараңғы түскенде балалар қайда жүреді: Алматыда полиция рейд жүргізді020.3215-10-2026
4Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды013.1315-10-2026
5Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
6Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
7Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды019.3421-09-2026
8Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды5702-07-2026
9Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты019.5921-09-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 14.93. Источник: polisia.kz.