Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде

Дата публикации: 15-10-2026 09:32:59

Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жасанды интеллект, заманауи бейнебақылау және роботтандырылған технологиялар елорданың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда. Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдалануда. Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс заманауи технологиялардың көмегімен […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде

15 Қазан 2026 ж., 14:32 жарияланған 9

Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасанды интеллект, заманауи бейнебақылау және роботтандырылған технологиялар елорданың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда. Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдалануда.

Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесуде.

Жасанды интеллект — қауіптің алдын алуға арналған заманауи құрал. Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі. Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.

Қауіпсіз қала — тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіптердің алдын алу, оқиғаларға уақытылы әрекет ету және әрбір азаматтың тыныштығын қорғау. Астана полициясы осы бағытта заманауи технологияларды пайдаланып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде016.214-08-2026
2Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды016.714-08-2026
3Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
4Маңғыстауда сотталғандарды бақылау жұмысы қалай жүргізіледі?017.7115-10-2026
5Екібастұзда 13 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген019.5715-10-2026
6Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
7В Казахстане робособака с ИИ впервые выявила нарушителей на массовом мероприятии0519-07-2026
8Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
9Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026

Классификация: Наука. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 16.62. Источник: polisia.kz.