Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды

Дата публикации: 15-10-2026 09:54:34

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды - деп хабарлайды Polisia.kz. Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін жаңа өндірістік цех іске қосылды. Өндіріс орнын ашудағы мақсат – сотталғандардың еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін цех ашылды - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өндіретін жаңа өндірістік цех іске қосылды. Өндіріс орнын ашудағы мақсат – сотталғандардың еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Қазіргі уақытта цехта тәулігіне шамамен екі тонна өнім өндіріледі. Дайын өнімнің бір ыдысының көлемі – бес литр. Алдағы уақытта өндіріс қуатын тәулігіне төрт-алты тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Дайын өнім қала аумағында және Қазақстанның басқа өңірлерінде сатылады.

Бүгінде өндіріс орнында 12 сотталған азамат еңбек етеді. Өнім көлемі артқан сайын жұмыс орындарының санын 20-ға дейін жеткізу көзделген.

Жұмысқа кіріспес бұрын сотталғандар жуғыш заттарды өндіру технологиясы бойынша арнайы оқытудан өтті. Олар үшін тұрмыстық химия өнімдерін өндіру саласының технолог-маманының жетекшілігімен арнайы курстар ұйымдастырылды.

Сотталғандардың еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі. Тапқан табыстары сот шешімімен жүктелген талап-арыздар бойынша берешектерін өтеуге, сондай-ақ отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

- Мен 35 жастамын. Үш жыл бұрын ұрлық жасағаным үшін бес жылға бас бостандығынан айырылдым. Үйде әйелім мен кәмелетке толмаған үш балам күтіп отыр. Бұл жұмыс өзімді қоғамға пайдалы адам ретінде сезінуге, кәсіби дағдыларды меңгеруге және табыс табуға мүмкіндік береді. Отбасыма көмектесіп, мойнымдағы міндеттемелерімді біртіндеп өтей аламын. Мұның бәрі маған алға ұмтылуға және бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастауға күш береді, – деді сотталған.

- Жаңа өндірістік цехтың ашылуы – сотталғандарды еңбекпен қамту бағытындағы маңызды қадам. Өндірісте жұмыс істеу оларға тұрақты табыс табуға, қаржылық міндеттемелерін орындауға, отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге және кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы олардың түзелуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Бүгінде мекемеде бес жеке кәсіпкер мен екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Мұнда ағаш өңдеу, тігін және жиһаз цехтары, сусын өндіру цехы, сондай-ақ шаруашылық сабынын өндіретін жаңа цех бар. Өндіріс саласын дамыту сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қоғамға ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасайды, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Ақылбек Аубакиров.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
2Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
3Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды013.1315-10-2026
4Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты017.9921-09-2026
5Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды2602-07-2026
6Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026
7Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
8Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті0502-07-2026
9Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 11.29. Источник: polisia.kz.