Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселесі қаралды.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселесі қаралды.
Жоспарға сәйкес, ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00–де аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жақында ғана Қазақстан Республикасының құрылтайының депутаттарын сайлау өткізілді. Енді мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша жаңа сайлау науқанына кірісеміз. Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлығына сәйкес сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тиісті жұмыстар басталады, – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Сайлау туралы конституциялық заңның 101-бабының үшінші тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өкілеттіктердің мерзімі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей өткізуі қажет.
– ҚР сайлау туралы заңның 12-бабының 14-тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, – деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.
Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланбақ.
29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Құрылтай сайлауы: 22 тамыз - "тыныштық күні" | 0 | 13.09 | 22-08-2026 |
| 2 | ЦИК Казахстана зарегистрировал кандидатов на местные выборы, избираемых по партспискам | 0 | 0 | 18-02-2023 |
| 3 | Явка на выборах в парламент Казахстана к 16:00 мск превысила 72% | 0 | 17.09 | 23-08-2026 |
| 4 | Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады | 0 | 15 | 12-10-2026 |
| 5 | День тишины наступил в Казахстане перед выборами депутатов верхней палаты парламента | 0 | 0 | 12-01-2023 |
| 6 | В Казахстане пройдут выборы 17 депутатов верхней палаты парламента | 0 | 0 | 11-08-2020 |
| 7 | В Казахстане избрали 20 депутатов верхней палаты парламента | 0 | 0 | 16-01-2023 |
| 8 | Явка на парламентских выборах в Казахстане превысила 65% | 0 | 13.19 | 23-08-2026 |
| 9 | На всей территории Казахстана завершилось голосование на выборах в парламент | 0 | 0 | 19-03-2023 |
| 10 | "Билік бақылауды күшейту жолын таңдады": Әлеуметтанушы сайлау қарсаңындағы Қазақстанды сипаттады | 0 | 9.37 | 15-08-2026 |