Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Дата публикации: 14-10-2026 04:10:00

Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді.  

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары басқаратын жұмыс тобына көлік, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК, "ҚазжолҒЗИ" АҚ, "Мемсараптама" РМК, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді.

Премьер-министр осы жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1"Ақылы жолдың белгілері зақымданды": ҚазАвтоЖол ұйықтап кеткен жүргізушіні көрсетті01015-08-2026
2Сауда нарықтарын цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді01013-10-2026
3Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда017.210-08-2026
4В Казахстане создали спецкомиссию по расследованию причин сбоя в энергосистеме0026-01-2022
5Поручения Президента014.1723-09-2026
6Пәтер және көлік иелеріне жаңа төлем төлеуге тура келеді01013-10-2026
7Токаев распорядился проверить Министерство обороны Казахстана011.2626-09-2026
8В Минобороны Казахстана создали комиссию по проверке условий хранения боеприпасов0031-08-2021
9Токаев после гибели военных на учениях поручил проверить состояние дел в Минобороны013.7726-09-2026
10Кабмин внес в Госдуму законопроект о системе контроля за использованием дорожных фондов0023-03-2021

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.75. Источник: inbusiness.kz.