Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков финалда жеңіске жетті.
Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков финалда жеңіске жетті.
Қазақстандық балуандар Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Екеуі де грек-рим күресінен топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те барлық қарсыласынан басым түсті. Ол финалда әзірбайжандық Елмир Алиевті 13:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Айбек жартылай финалға жолдама алу үшін украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен ұтқан еді.
Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны жүлдеге таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей өкілін 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді ол алтын медаль үшін Иран балуаны Ясин Әли Яздиимен күреседі.
Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда жеңіліп, қола медаль үшін белдеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты | 0 | 10 | 13-10-2026 |
| 2 | Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 3 | Сұңқар Сейдахмет пен Самир Дурсунов күрестен U20 Азия чемпионатының финалына шықты | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 4 | Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды | 0 | 15.26 | 12-08-2026 |
| 5 | Дзюдоист Махмадбеков завоевал золото на турнире Большого шлема в Казани в весе до 73 кг | 0 | 0 | 06-05-2021 |
| 6 | Ашалаев и Суров выиграли чемпионат Европы по боксу | 0 | 6.69 | 25-09-2026 |
| 7 | Новолодская и Солозобова выиграли золото юниорского ЧМ по велотреку | 0 | 10 | 21-08-2026 |
| 8 | Россияне Юдин и Ушаков вышли в финал олимпийского турнира по прыжкам на батуте | 0 | 0 | 31-07-2021 |
| 9 | Гусев и Шустров второй раз подряд выиграли молодежный ЧЕ по пляжному волейболу | 0 | 0 | 27-09-2020 |
| 10 | Дагестанский «классик» Солтан Юсупов взял золото первенства мира в Баку | 0 | 10.98 | 29-07-2026 |