Прокуратура бұл шешімге шағым түсірмек.
Прокуратура бұл шешімге шағым түсірмек.
Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде сегіз адамның зардап шегуіне байланысты концерт ұйымдастырушысы екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, тергеу органы күдіктіні қамауда ұстауды сұраған. Алайда тергеу судьясы бұл өтінішті қанағаттандырмай, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.
Прокуратура сот шешіміне шағым түсіретінін хабарлады. Заңға сәйкес, прокурордың өтініші түскеннен кейін жоғары тұрған сот үш тәулік ішінде қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Апелляциялық тәртіппен қабылданған шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Бұған дейін концерт ұйымдастырушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Күдіктінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Бұл бап қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Еске салайық, 10 қазан күні кешке Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Қайрат Нұртастың "Сахнада 20 жыл" атты концерті алдында кіреберісте адам шамадан тыс көп жиналған. Соның салдарынан сегіз адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер олардың жетеуін тексергеннен кейін үйіне жіберді. Ал 18 жастағы қыз ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Полицияның алдын ала мәліметінше, сатылған билеттер саны стадионның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады | 0 | 8.92 | 21-08-2026 |
| 2 | Прокуратура проверяет информации о сносе дома ради концертного зала в Екатеринбурге | 0 | 0 | 08-11-2018 |
| 3 | Прокуратура начала проверку по факту обрушения стены строящегося дома в Татарстане | 0 | 0 | 27-04-2023 |
| 4 | На набережной Алушты обрушился причал | 0 | 0 | 30-08-2025 |
| 5 | Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма | 0 | 11.04 | 14-10-2026 |
| 6 | В Кызыле проверяют законность строительства многоквартирного дома на улице Кочетова | 0 | 5.78 | 25-09-2026 |
| 7 | Роспотребнадзор возбудил дела после аншлага на концерте Хабиба в Татарстане | 0 | 0 | 26-10-2021 |
| 8 | Прокуратура пресекла самовольный разбор зараженных конструкций на "Усольехимпроме" | 0 | 0 | 26-01-2021 |
| 9 | В Башкирии возбудили дело о превышении полномочий при предоставлении жилья сиротам | 0 | 0 | 31-07-2020 |
| 10 | Прокуратура предостерегла замглавы Екатеринбурга от нарушений при строительстве филармонии | 0 | 0 | 03-12-2018 |