Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті

Дата публикации: 14-08-2026 13:20:05

Көліктегі полиция департаментінде ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ашық форматтағы жүздесудің өзегіне ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар және жас қызметкерлерді тәрбиелеу мәселелері арқау болды. Кездесу барысында үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын сақтау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тарихты білу және ұлттық дәстүрлерді қастерлеудің маңызы […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті

Көліктегі полиция департаментінде ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашық форматтағы жүздесудің өзегіне ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар және жас қызметкерлерді тәрбиелеу мәселелері арқау болды. Кездесу барысында үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын сақтау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тарихты білу және ұлттық дәстүрлерді қастерлеудің маңызы сөз болды.

Кездесуде Мемлекет басшысы айқындаған “Заң мен тәртіп” қағидатына да ерекше мән берілді. Теміржол және әуе көлігі нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін тәртіпті сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және жеке жауапкершілік айрықша маңызға ие екені айтылды.

Ардагерлер ұйымының жас буын полицейлерін тәрбиелеудегі рөліне де назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі ұстанымдары – халыққа қызмет ету, Конституцияны сақтау және антқа адал болу. Бүгінде ардагерлер Департамент жанындағы түрлі комиссиялардың жұмысына белсене қатысып, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар олардың мол қызметтік тәжірибесі жас қызметкерлерге тәлім болып, буындар арасындағы сабақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Ө.Болсамбеков жас қызметкерлерді ішкі істер органдарындағы үздік дәстүрлерді лайықты жалғастыруға, адалдық пен тәртіпті берік ұстанып, қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
2Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді020.0319-10-2026
3Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде016.214-08-2026
4Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
5Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026
6Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді017.6115-08-2026
7Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті016.5614-08-2026
8Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
9Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды016.714-08-2026
10Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді019.9621-09-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.78. Источник: polisia.kz.