Баянауыл ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, республикалық «Инвест-керуен» акциясы аясында іске асырылып жатқан туристік инвестициялық жобаларға көшпелі кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Баянауыл ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, республикалық "Инвест-керуен" акциясы аясында іске асырылып жатқан туристік инвестициялық жобаларға көшпелі кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға аудан прокуроры мен аудан әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері және инвесторлар қатысты. Қатысушылар екі туристік демалыс аймағы мен салынып жатқан визит-орталықты қоса алғанда үш нысанды аралап, жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлермен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, әкімшілік кедергілерді жою және инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша "Сабындыкөл Plaza" инвестициялық жобасына кіреберіс жолды асфальттау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл шара нысанның инфрақұрылымын жақсартуға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара барысында бизнесті қолдаудың цифрлық құралдарына ерекше назар аударылды. Инвесторларға құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша прокуратура органдарына жедел жүгінуге мүмкіндік беретін "Мобильді прокурор" мобильді қосымшасы таныстырылды.
Баянауыл ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды және өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 2 | Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 3 | Назарбаев предложил совместно с Россией развивать туризм на Каспии | 0 | 0 | 09-11-2018 |
| 4 | 23 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 5 | В Кыргызстане подписано соглашение о проекте курорта Baytik Mountain Resort | 0 | 8.93 | 27-08-2026 |
| 6 | Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 7 | Путин: новые виды туризма позволят России и Казахстану увеличить взаимные турпотоки | 0 | 0 | 09-11-2018 |
| 8 | Власти Башкирии планируют довести объем инвестиций в республику до 500 млрд рублей в год | 0 | 0 | 27-09-2019 |
| 9 | Бурятия претендует в 2019 году на 350 млн рублей на проекты по развитию туризма | 0 | 0 | 11-09-2018 |
| 10 | Мединский призвал найти инвесторов для находящихся в запустении памятников архитектуры | 0 | 0 | 31-08-2019 |